Жигули Дайрабаевтың сапары мұнайлы өлкеде жалғасты

0
231

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ұсынған кандидат Жигули Дайрабаев Маңғыстау облысына барды. Алдымен Жигули Молдахалықұлы Мұнайлы ауданындағы «Сауқымбек» ұн тарту зауытына табан тіреді. Бұл туралы кандидаттың штабы хабарлады.

«Қазақстандағы аграрлық сектордың негізгі бір саласы егін шаруашылығы екені белгілі. Еліміздің солтүстік, орталық өңірлеріндегі алқаптар тұтастай республиканы астықпен қамтамасыз етуге, тіпті дәнді дақылдарды шет елдерге экспорттауға мүмкіндік беруде. Дегенмен, ел ішінде туындаған осындай проблемалар кәсіпкерлердің жұмысына кері әсер етуде. Үкімет, министрліктер, ұлттық компаниялар вагон тапшылығы мәселесін шешуі керек. Отандық фермерлер мен қайта өңдеушілердің мүдделерін қорғау жолында көздеген мақсатымыздан таймауымыз тиіс. Қазақстанда тауарлар қорын құру стратегиясында азық-түлік нарығын дамыту және қауіпсіздігін сақтау бәрінен бұрын импортқа тәуелді емес, отандық өндіріс есебінен жүзеге асуы керек», – деді ұн тарту зауытының ұжымымен кездескен Жигули Дайрабаев.

Ұн тарту зауытынан кейін кандидат мал бордақылау кешеніне барды. Сондай-ақ, Мұнайлы ауылының тұрғындарымен кездесті.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here