Қазақстанның барлық өңірінде сайлау учаскелері жұмысын аяқтады

0
122

Бүгін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Еліміз бойынша бүгін таңғы жетіде ашылған 10 101 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды. Ал, шет мемлекеттердегі кейбір өкілдіктерде дауыс беру жалғасып жатыр.

Абай, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау облыстарында, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында сайлау учаскелері астана уақытымен сағат 20.00-де жұмысын тоқтатса, ал Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де, астана уақытымен сағат 21.00-де аяқталады. Енді елдің барлық сайлау учаскелерінде комиссия мүшелері бюллетеньдерді санауға кірісті.

Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанынан 53 елде 68 сайлау учаскесі құрылды.Шетелдегі азаматтарымыздың конституциялық құқығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның шет елдердегі мекемелері жанынан 53 мемлекетте 68 учаскелік сайлау комиссиясы құрылған болатын. Дауыс беретін сайлаушылардың жалпы саны – 12,8 мың қазақстандық. Соңғы жағдай бойынша, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Сингапур, Малайзия, Тайланд, Индонезия, Қырғызстан сынды елдердегі 10 учаскенің жұмысы аяқталып, шамамен 7,8 мың адам дауыс берді. Ал, Вашингтонда, Нью-Йоркте және Оттавада сайлау учаскелерінде дауыс беру енді басталды. Сан-Францискодағы тағы бір учаске астана уақытымен сағат 21.00-де ашылады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here