Сенат Төрағасы халықты сайлауда белсенділік танытуға шақырды

0
413

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауында өз таңдауын жасап, елордадағы Ұлттық кітапханада орналасқан №111 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Палата Спикері бүгін еліміздің алдағы жылдардағы даму бағдары айқындалатынын, сондықтан әр азаматтың сайлауға қатысуы маңызды екенін айтты.

«Сайлау – кез келген демократиялық жүйенің маңызды бөлігі. Азаматтар дауыс беру арқылы билікті қалыптастыру және мемлекетті басқаруға қатысу құқығын іске асырады. Сайлаудың ашық әрі әділ және ұлттық заңнамалар мен халықаралық стандарттардың нормаларына толық сай өтуі үшін барлық қажетті жағдай жасалды. Еліміз үшін осындай тағдыршешті сәтте халқымыз жауапкершілікті сезініп, сайлауға белсенді қатысады деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат Төрағасы сайлау барысы жөнінде Қазақстанда және шетелдерде ақпарат таратып, белсенділік танытқан бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне алғыс білдірді. Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев сайлауды бақылау үшін елімізге әлемнің 35 елінен 600-ден астам халықаралық байқаушы және 10 халықаралық ұйымның өкілдері келгенін атап өтті.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here