Әскерилер президент сайлауына қатысты

0
74

Қарулы күштердің әскери бөлімдері мен мекемелерінде Мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауында дауыс беру аяқталды. Қызметтің ерекшелігі, әскери бөлімдердің орналасқан жері сайлауға қатысуға әсер еткен жоқ.

Бітімгерлік миссиялар құрамында қызмет атқаратын, командалық пункттердің жауынгерлік есептоптарында кезекшілік ететін, шет елдерде оқып жүргендер, ең шалғай әскери бөлімдерде, сондай-ақ ауруханада емделіп жатқан әскери қызметшілер үшін де дауыс беруге барлық жағдай жасалды.

Әскери бөлімдер мен әскери оқу орындарында 20 сайлау учаскесі құрылып, онда 11 мыңнан астам мерзімді қызметтегі сарбаздар мен курсанттар дауыс берді.

Сайлауға Қарулы күштерден барлығы 130 мыңнан астам әскери қызметші, азаматтық персонал және олардың отбасы мүшелері қатысты.

Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен Қарулы күштердің басшылығы азаматтық міндетін алғашқылардың бірі болып атқарғанын айта кету керек.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here