Орталық Азия жазба ескерткіштерін зерттеуге арналған конференция

0
1095

Жуырда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында дәстүрлі ІІІ Есік оқулары «Орталық Азияның жазба ескерткіштері (аударма және интерпретациялау мәселелері)» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өтті. Конференция жұмысына Қазақстанмен қатар Түркия, Қырғызстан, Монғолия, Тәжікстан, Өзбекстан, Бельгия, Ресей елдерінен 50-ге жуық ғалымдар қатысты.

Конференцияны ашқан «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Мұхтарова Гүлмира Райылқызы қазіргі таңда музей-қорығында жасалып жатқан ауқымды ғылыми жұмыстар барысына тоқталды.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық отырысында А.Н.Гаркавец, Д. С. Байқонақов С.Г.Бочаров, К.Ш.Табылдиев, Т.К. Абдиев. А.Н. Подушкин, И.А. Жеменей, Ғ.Ә.Жәкей белгілі ғалымдар баяндама жасап, көне жазба ескерткіштерін жаңаша зерделеу бағыьында баяндама жасады.

Конференцияда ежелгі заман жазуы, аңыз, таңба (белгі), символдар мәні сондай-ақ жазу мәдениетін өнердің символы ретінде археологиялық, этнологиялық, мәдениеттану, өнертанушылық тұрғыдан қарастыру мәселелері сондай-ақ археологиялық қазба жүмысының нәтижелері мен зерттелуі талқыланып, тың ойлар айтылып, тәжірибелерімен бөлісті.

Халықаралық ғылыми-конференцияның секциялық отырыстарында «Сулайман Тоо» тарихи-археологиялық музей кешені (Қырғыз Республикасы), Моңғол-Алтай жартас сұлба суреттері кешенді қорық орталығы (Моңғолия Бай-өлке), Ташкент қаласындағы Камолиддин Бехзода атындағы ұлттық өнер және дизайн институты (Өзбекстан), Ресей ғылым академиясының Археология институты, Душанбе Ұлттық ғылыми академиясының Тарих, археология және этнография институты (Тәжікстан), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттерінің ғалымдары мен зерттеушілері баяндама жасады.

 «ICOMOS Қазақстанда» қоғамдық бірлестігі, Алматы облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы, Жетісу облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталықтың ескерткіштерді қорғау және қала құрылысы бөлім мамандары, «Таңбалы» қорық-музейінің қызметкерлерінің қатысуымен «Ескерткіштерді қорғау мәселелері бойынша алқалы жиын өтті.

Орталық Азияның жазба ескерткіштері мәселелері мен зерттелу тарихы ешқашан өз мәнін жоғалтқан емес. «Есік» музей-қорығында өткен Халықаралық конференцияның ғылыми маңызы да  ерекше болды.

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here