Қасым-Жомарт Тоқаев халық алдында ант берді

0
420
26 қараша күні Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен ҚР Президентін салтанатты ұлықтау рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мен биыл қасиетті Меккеге барған кезде Қағба төрінде ата-баба рухына құран бағыштап, Алладан бір-ақ нәрсе сұрадым. Ол – елдің амандығы», – деді.

Қазақстан Республикасының президенті болып қайта сайланған Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысын ұлықтау рәсімінде халық алдында ант берді.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға қолын қойып тұрып. Яғни, бүгіннен бастап Президент ресми қызметiне кiрiсті.

Иә, жексенбі күні сайлаушылардың 80 пайыздан астамы Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берді. Сөйтіп, халықтың басым бөлігі Президенттің мемлекеттік жүйені реформалау саясатын, тиімді басқару үлгісін, экономиканы монополиясыздандыруды және әділ әлеуметтік саясатты қолдады. Ал, халық сенімі бәрінен де маңызды. Ендеше, халық сеніміне селкеу түспесе болғаны!..

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here