Жаңа жыл мерекесінде қазақстандықтар қанша күн демалады?

0
1279

Қоян жылының күнтізбесінде 1-2 қаңтар жексенбі мен дүйсенбіге дөп келеді. Жексенбі онсыз да демалыс болғандықтан, қазақстандықтар жексенбіге түскен 1 қаңтардың есебінен сейсенбі – 3 қаңтар күні де демалады. Мұндай тәртіп «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңның 5-бабында жазылған.

Осылайша, Жаңа жыл мерекесінің құрметіне орай аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер де, 6 күн жұмыс істейтіндер де сәрсенбіге дейін демалыс алады. Ал, 31 желтоқсанда аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер ғана демалады. Өйткені, бұл күн күнтізбеде сенбіге түседі.

Айта кетейік, 7 қаңтар – Рождество мерекесі. 2023 жылы православ христиандарының атаулы күні сенбіге сәйкес келеді. Бірақ, ол мерекеде мемлекеттік мейрам мәртебесі болмағандықтан, сенбіге дөп келген 7 қаңтардың орнына аптаның басқа жұмыс күні демалыс болып өзгертілмейді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here