«Азия коммуникациясы» халықаралық білім беру жобасы Абай университетінде жұмыс істейді

0
1258

Абай университетінде саяси ғылымдарының докторы, профессор Жомарт Симтиковтың жетекшілігімен «Азия коммуникациясы» халықаралық білім беру жобасы жеті жылдан астам уақыт бойы жұмыс жасап келеді. Ол университетіміздегі ғалымдардың қоғамдық өмірге белсене араласуы нәтижесіндегі жеңісі деп білеміз.

«EuroAsia Foundation (from Asia)» қорының төрағасы Йодзи Сато – Жапониядағы ең ықпалды 50 адамның тізіміне енген меценат. Бұл халықаралық қордың мақсаты – Азия халықтарын даму пен жаңғыру жолына түсірудің ең маңызды факторы болып табылатын кедергілер мен оны еңсеру арқылы континентте азиялық қауымдастықтың қалыптасуына ықпал ету. Жоба аясында Азия қауымдастығының Азия елдері арасындағы өзара түсіністік пен Азия халықтарының мәдени дәстүрлеріне зерттеу жүргізген әлемнің жетекші ғалым-профессорлары оны насихаттауға бағытталған дәрістер оқиды. Қор 2009 жылы құрылған, коммерциялық емес ұйым және саяси немесе діни мәселелермен айналыспайды. Бағдарлама дүние жүзіндегі 33 елде, соның ішінде 514 университетте жұмыс істейді және тағы 15 ел мен аймақтарда жұмыс жасау жоспарланған.

Қазіргі уақытта жасанды интеллектті дамыту аясында айтарлықтай өзгерістер байқалады. Орталық Азия Еуразия континентіндегі ең перспективалы аймақ болып табылады, мұнда Қазақстан негізінен орталық қозғаушы күшке айналады. Келешекте елдер мен құрлықтарды байланыстырушы буын ретінде жастарға дүниетанымы кең, жас кадрларды тәрбиелеуге үлкен үміт артылады.

Бұл білім беру жобасының бірегейлігі – Азия-Тынық мұхиты аймағының жетекші елдері: Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея, Австралия және Жаңа Зеландия, сондай-ақ әлемнің жетекші ғалымдары студенттерге жыл сайын дәрістер оқып, «Біріккен Азия – бір әлем» бағыты бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстар жүргізіп, ықпалдастықты насихаттайды.

Үздік студенттер бір реттік стипендиялар мен халықаралық сертификаттар алады, бұл ынталандыру жастардың әлемдік тарихты, мәдениетті, дінді, саясат пен экономиканы түсінуіне және олардың өзара әрекеттесуіне ықпал етеді. Жобаның нәтижесі Еуразиялық қауымдастықты құрудың ғылыми негіздерін қалыптастыру, ал түпкі мақсаты – Дүниежүзілік қауымдастықты құру болып табылады.

Айта кетейік, Симтиков Жомарт Құдайбергенұлы – Қазақстан Республикасындағы халықаралық қатынастар және саясаттану саласындағы белгілі сарапшы ғалым. Ғалымның пікірінше, қазақстандық жастардың жаһандық интеграция жағдайында дәстүрлер мен өркениет арасында лайықты орнын алуға толық мүмкіндігі бар.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here