Әскери заңгерлер кәсіби мерекесін атап өтуде

0
437

Қазақстан Қарулы күштерінде заң қызметі мамандарының күні жыл сайын 30 қарашада атап өтіледі. 1996 жылы осы күні Қорғаныс министрінің директивасымен қорғаныс ведомствосының заң қызметі құрылған болатын. Кейіннен бұл құрылымдық бөлімше Заң департаменті болып қайта аталды.

Әскери заңгерлердің құзыретіне Қарулы күштер қызметінің барлық түрлерін құқықтық реттеу мәселелері кіреді. Олардың еңбегінің арқасында Қорғаныс және әскери қызмет саласындағы мемлекеттің нормативтік-құқықтық базасы қалыптасты. Олар әскери қызмет өткеру, әскери қызметшілерді, азаматтық персоналды, әскери қызметтен босатылған адамдарды және олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша заңнамалық және заңға тәуелді актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады.

Тек 2022 жылы әскери заңгерлер Қазақстан Республикасының Әскери қызмет және тұрғын үй қатынастары мәселелері, әскери киім нысаны және әскери қызметшілердің айырым белгілері, Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызмет өткеру қағидалары, сондай-ақ жалпыәскери жарғылар мәселелері жөніндегі заңнамаларына өзгерістер мен толықтырулар әзірлеп, енгізді.

Бұдан басқа, Үкіметтің 2022 жылғы 2 маусымдағы №357 қаулысымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы қайта өңделген Ереже бекітілді.

Бүгінде Заң департаменті «Әскери полиция органдары туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын құқықтық сүйемелдеу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Әскери заңгерлер күнін кәсіби мереке ретінде енгізу әскери заң қызметі мамандарының қорғаныс және әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін шешудегі еңбегіне берілген бағаның белгісі.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here