Екібастұзда зардап шеккен барлық үйге жылу берілді – жедел штаб

0
191

Жедел штаб басшысы – Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың айтуынша, 7 желтоқсан, сағат 08:00-дегі жағдай бойынша зардап шеккен барлық үйге жылу берілді. Желілік судың параметрлері: қысымы 8,8 кг/см2, түзу бағытта 83 градус, түзу және кері бағытта 56 градусты құрайды.

«Энергия көзі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Екібастұз ЖЭО қаладағы жылуды қалпына келтіру бойынша қажетті барлық жұмысты атқарып жатыр. Алайда, оқиға салдарынан болған гидравликалық режимнің баланстан ауытқуы, соның ішінде тұтынушылар мен ПИК-тердің жылу тасымалдағыштағы суды рұқсатсыз ағызуы бұл жұмысты қиындатып отыр», – делінген хабарламада.

Жедел штаб мәліметінше, алдағы 2-3 күнде бірлескен күш-жігердің арқасында жылумен қамту толығымен қалпына келеді деп сендірді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here