Вандалдар 152 жылдық тарихы бар картинаға сорпа шашты

0
836

Лион қаласының Бейнелеу өнері мұражайында «Riposte Alimentaire» («Тағамға қарсы шабуыл») экологиялық қозғалысының екі экстремисті әйгілі француз суретшісі Клод Моненің (1840-1926) «Көктем» картинасына (1872) шабуыл жасады.

Тарихи суретке сорпа шашқан қыздар жартылай бос залдың алдында: «Егер біз шара қолданбасақ, бұл көктем біз үшін соңғы болады. Біздің болашақ суретшілеріміз не салады? Егер көктем болмаса, біз не туралы армандаймыз?» – деп айқай салды.

Лион мэрі әрі Жасылдар партиясының көрнекті мүшесі Грегори Дусе наразылық білдірушілердің іс-әрекеттеріне өкінетінін айтты, бірақ олармен келісіп, «Климаттық төтенше жағдайға қатысты алаңдаушылық өте заңды» деп мәлімдеді. Әрине, мұражай сотқа жүгінеді. Вандалдардың «Көктем» картинасына қаншалықты зиян келтіргенін анықтау үшін оны сараптамаға жібереді. Ол кәдімгі әйнекпен жабылған, яғни бұл қорғаныс Луврдағы «Джоконда» (Мона Лиза) сияқты сенімді емес еді. Сол «Джоконда» картинасы да 28 қаңтар күні осы «Riposte Alimentaire» экологиялық қозғалысының экстремистерінің шабуылына ұшырады.

Мадияр ӘЗИЗҰЛЫ

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here