Қазақстанда 19 желтоқсанда әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекасына тұрғындардан өтініш қабылдау басталды. Жыл соңына дейін созылатын науқанның басты ерекшелігі – бастапқы жарна талап етілмейді. Ал, бұрын бастапқы жарна 15-50% аралығында болатын.
Бағдарламаның өзге де шарттары:
- Несие мөлшерлемесі – 13,2% (тұрғын үй заемына ауысқан кезде 3,5%-ға дейін төмендейді);
- Несие мерзімі – 25 жылға дейін.
«Ұмай» тұрғын үй бағдарламасына Қазақстанның 18 жастан асқан әйелдері қатыса алады. Географиялық шектеу жоқ, яғни пәтерді Қазақстанның кез келген қаласынан несиеге рәсімдеуге рұқсат беріледі.
Айта кетейік, «Ұмай» ипотекасының көмегімен жаңа не қолданыста болған тұрғын үйді сатып алуға, сондай-ақ жөндеу жұмыстарына несие алуға болады. Бұл ретте ескеретін нәрсе – несие жөндеу үшін алынса, оны алушы үйдің иесі болуы керек.