Мәжілісте қаңтар оқиғасына қатысты көрме ұйымдастырылды

0
241

Бүгін Парламент Мәжілісінде қаңтар оқиғасына қатысты Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі және Қорғаныс министрлігі арнайы көрме ұйымдастырды. 

Былтыр қаңтарда полиция департаменттерінен, қару-жарақ дүкендерінен ұрланған қару мен оқ-дәрі және басқа да заттар көрмеге жеткізілген. Бұл қару-жарақтың барлығы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан адамдардан тәркіленген болатын.

Көрмеде полицейлердің зақымдалған каскалары мен басқа да жабдықтары көпшілік назарына ұсынылған. Сонымен қатар, былтыр қаңтар оқиғасы барысында ел аумағында тоналған нысандар, қираған ғимараттар, өртенген көліктер және басқа да нысандар бойынша арнайы фотосурет көрмесі де ұйымдастырылды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here