Қандастар мен қоныс аударушыларға бөлінетін квота саны артты

0
1081

Биыл елімізде қоныс аударушылар мен қандастарға арналған 8,6 мыңнан астам квота бөлінді. Яғни, былтырға қарағанда биыл квота саны 566-ға артып отыр. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Қоян жылғы квота келесідей бөлінді:

  • қандастар үшін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 138 адам, Қостанай облысы бойынша – 150 адам, Абай облысы бойынша – 196 адам, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 239 адам, Ақмола облысы бойынша – 270 адам, Павлодар облысы бойынша – 932 адам;
  • қоныс аударушылар үшін Қарағанды облысы бойынша – 33 адам, Ұлытау облысы бойынша – 120 адам, Абай облысы бойынша – 238 адам, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 305 адам, Қостанай облысы бойынша – 530 адам, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 2 660 адам, Павлодар облысы бойынша – 2 841 адам.

Қандастар мен қоныс аударушыларды қолдау үшін қосымша субсидия түрінде көмек беріледі:

  • көшуге – отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (241,5 мың теңге) көлемінде біржолғы төлем;
  • бір отбасына 12 ай ішінде тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы ретінде 15-тен 30 АЕК-ке дейін (51,7 мыңнан 103,5 мың теңгеге дейін) төленеді.

Айта кетейік, 1991 жылдан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін 1 миллион 107 мың этникалық қазақ тарихи отанына оралды. Ал, барыс жылында 19 178 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here