Дарынды дамыту – ұстаз парызы

0
1205

Жаның жаз, шуақ сепкен айналаға,
Қол создың қаның емес қайманаға.
Уысыңнан ұлтыңа ұсынарың
Көп еді, …аз жүрдіңіз қайран аға!

Бес күннің аунап түсер бұлғағын-ай,
Жеткізбеді алпыс, жетпіс қырға құдай.
…Болған деп айтуға оңай болғанымен
Жоқ деп айту қиын боп тұрғанын-ай!

Жетісу облысының білім басқармасы, «Жетісу дарыны» облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оқу-әдістемелік орталығы мектеп оқушылары арасынан сөз мәдениеті дамыған, интеллектуалдық қабілеті бар, журналист, ақын-жазушы болғысы келетін дарынды оқушыларды анықтау мақсатында жасөспірімдер арасында Бейсен Құранбек атындағы облыстық шығармашылық байқауын ұйымдастырды. Байқау «Үздік репортаж», «Үздік ток-шоу», «Үздік арнау», «Үздік шығарма» бойынша төрт номинациямен өтті.

Аталған  байқаудың «Үздік арнау» бағыты бойынша облыстан Күреңбел қазақ орта мектебінің 10 «А» сынып оқушысы Тоқтасын Нұрсұлтан 1-орынды иеленіп, 9 желтоқсан күні Талдықорған қаласында өткен Жас журналист оқушылар арасында Бейсен Құранбек атындағы облыстық шығармашылық байқауының салтанатты марапаттау рәсіміне қатысты.

Айта кесейік, жалпы облыс бойынша 200-ден астам оқушы қатысқан байқаудан 46 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, ақшалай сертификаттар және алғыс хаттармен марапатталды. Нұрсұлтан облыс әкімінің орынбасары Рустам Әлидің дипломы және 250 мың ақшалай сертификат алып, ауылымыздың абыройын арттырды. Осы орайда, жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тоқбосынова Самал Шәріпханқызы мен ата-анасының еңбегі зор екендігін айтпасқа болмайды. Нұрсұлтанға алда мерейі асқақтап, алар асулары мен бағындырар биіктерің көп болсын деп тілейміз.

Самал ТОҚБОСЫНОВА,
Күреңбел қазақ орта мектебінің қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here