18 жасқа толған қазақстандықтың шотында қанша қаржы жиналады?

0
565

«Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында баланың шотында 18 жыл ішінде 3 500 доллар жиналады. Бұл туралы Қаржы министрінің орынбасары Дәурен Темірбеков айтты.

Вице-министрдің сөзінше, сәби дүниеге келген кезде Әділет министрлігінің Жеке тұлғалардың деректері базасы негізінде шот автоматты түрде ашылады. Ұлттық қордың инвестициялық табысы баланың шотына 1 қаңтарда аударылып тұрады.

«Жекелеген кезеңдерде инвестициялық кіріс теріс мәнде қалыптасуы мүмкін екенін ескеріп, инвестициялық табыстың ставкасын өткен жылдардағы орташа жылдық мән негізінде айқындау жоспарланып отыр. Болжамдық бағалаулар бойынша мұндай әдіс бағдарламаға туған сәттен бастап қатысқан балаға 150-160 АҚШ доллары мөлшерінде 18 жыл сайынғы төлем алуға мүмкіндік береді», – деп түсіндірді Дәурен Оденұлы.

Ұлттық банк Ұлттық қордың өткен жылдардағы орташа кірісін ескеріп, инвестициялық табыстың 50%-ын есептейді. Инвестициялық табыстың ставкасын 18 жылдағы орташа жылдық мән деңгейінде айқындау ұсынылып отыр. Сонда баланың (18 жасқа толғанда) жинаған сомасы 3 500 долларды құрайды.

Қазақстандық 18 жасқа толғанға дейін ақша Ұлттық қорда болады және қаржы құралдарына инвестицияланады. Жоба операторы – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры.

Айта кетейік, балалар Ұлттық қордан өз үлесін алатынын Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеді. Президент тапсырмасы бойынша «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосылады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here