Бүгіннен бастап кімдер қоғамдық көлікте тегін жүреді?

0
167

Бұған дейін Президент қол қойған «Автомобиль көлігі туралы» заңда жолаушылардың жекелеген санаттарына қоғамдық көлікте жол ақысын төлеу бойынша жеңілдіктер беру қарастырылған болатын. Өзгерістер 1 наурыз күні күшіне енді.

Енді қалалық (ауылдық), қала маңына қатынайтын көліктерде «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар тегін жүреді. І топ мүгедектігі бар адамдар да жол ақысын төлемейді. Ал, 15-18 жас аралығындағы балалар билет құнының 50 пайызын төлейді.

Айта кетейік, заңда көрсетілген жеңілдіктердің бір бөлігі кейбір өңірлерде бұрыннан бар. Осылайша, қабылданған заң жаңа жеңілдіктер енгізбейді, тек олардың қарастырылуын барлық өңірге міндеттейді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here