Жеті партия төрағасының бесеуі дауыс берді

0
78

Бүгін Қазақстанда Парламент мәжілісі және мәслихаттар депутаттарын сайлау науқаны өтіп жатыр. Сайлауға жеті партия өз кандидаттарын ұсынды. Олар: «Ақ жол» демократиялық партиясы, Amanat партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Байтақ» жасылдар партиясы, Қазақстан халықтық партиясы, Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы, Respublica партиясы. Осы уақытқа дейін сол жеті партия төрағасының бесеуі өз таңдауын жасады.

«Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Астанадағы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан №110 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. 

* * *

«Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев Елорданың 113 сайлау учаскесінде дауыс берді. Партия жетекшісі сайлауға отбасымен келді.

* * *

«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев сайлауда өз таңдауын жасады. Ол бас қаладағы №122 сайлау учаскесінде дауыс берді. 

* * *

«Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына дауыс берді. Ол өзінің конституциялық құқығын пайдалану үшін Елорданың №92 мектеп-лицейінде орналасқан №52 учаскеге келді. 

* * *

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рахымжанов Астана қаласындағы №158 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here