Шағын футбол турнирінде Қорғаныс министрлігінің командасы жеңіске жетті

0
631

Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының кубогына арналған шағын футболдан турнир аяқталды. Соңғы кездесуде татар-башқұрт мәдени орталығының «Таң»  командасы Қорғаныс министрлігінің «Астана жауынгерлері» құрамасына 0-2 есебімен есе жіберді.

Үшінші орын үшін өткен таласты матчта «ІІМ Астана қаласының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ «Сақшы» футболшылары қырғыз этномәдени бірлестігінің «Алға» командасын ұтты.

Барлық жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Елордалық Ассамблея кубогына арналған дәстүрлі турнир жыл сайын өткізілетінін айта кетелік. Шара спортпен шұғылдануды насихаттауға, командалық рухты нығайтуға, турнирге қатысушылар арасындағы достық байланыстары қолдауға бағытталған.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here