Париждің Қытайдағы нақ көшірмесі

0
3326

Тиандученг – Қытайдың Чжэцзян провинциясындағы қала. Басты  ерекшелігі –  Франция астанасы Париждің нақ көшірмесі. Өзінің Эйфель мұнарасы, Елисей алаңы, Люксембург бағы бар.

Негізі 2007 жылы қаланған қаладан баспаналы болу екінің біріне бұйыра бермейді. Өйткені, баспананың бір шаршы метрінің құны 5 мың АҚШ долларынан басталады. Содан Қытайдағы Парижде кілең байлар тұрады. Бастапқыда қала 10 мың тұрғынға арналып салынды.  Бүгінде қалада 30 мыңнан астам адам тұрады. Яғни, тұрғындардың артуына байланысты қала  аумағы кеңейтіліп келеді.

Франция астанасының кішкентай көшірмесіне туристер арасында да сұраныстың көп  екенін айта кету керек. Мәселен, некесін қиған жастар «Эйфель мұнарасының» алдында суретке түсуге құмар. Сондықтан қала билігі іргелес жатқан мегаполис Ханчжоудан бері келетін метро бекетін тартып жатыр. Айталық, метроның алғашқы үш бекеті ағымдағы жылдың 21 ақпанында ашылған екен.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here