Сенаторлар әлеуметтік нысандарды аралады

0
359

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары «Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбына арналған дөңгелек үстелге дайындық аясында бірқатар әлеуметтік нысандарда болды.

Сенаторлар Ұлттық балаларды оңалту орталығына барған кезде балаларға арналған инновациялық жобалармен, жетістіктермен және оңалту қызметтерімен танысты. Парламентшілер орталық басшылығымен кездесіп, әлеуметтік-педагогикалық оңалту, инклюзивті білім беру және әлеуметтік бейімдеу мәселелерін талқылады.

Сенаторлар «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында да болды. Ұйым мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіп келеді. Сапар барысында парламентшілерге сауықтыру бөлмелері, кинозал мен бассейн көрсетілді. Орталық басшылары сенаторларға жетістіктер мен проблемалар туралы айтып берді.

Сенаторлар бұл сапардың қорытындылары жоспарланған дөңгелек үстел барысында ғана емес, Сенат депутаттарының заң шығару қызметінде де кеңінен талқыланатынын атап өтті.

Сенаторлар елорданың бірнеше әлеуметтік нысандарында да болып, мүгедектігі бар адамдарға арналған инфрақұрылымның жай-күйімен танысты.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here