«Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының отырысы өтті

0
258

Сенаторлар – «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының мүшелері саяси партиялар мен мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесті. Жүздесуге қатысушылар кездесудің басында Абай облысында қаза тапқан «Семей орманы» қызметкерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Кездесуді ашқан «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының жетекшісі Нұртөре Жүсіп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясының отырысында Парламентке ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту мәселелері бойынша депутаттық бірлестік құру мәселесін пысықтауды тапсырғанын атап өтті.

«Депутаттық топтың негізгі мақсаты – елдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы заңнамалық үйлестіруді және Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан халқы Ассамблеясымен, азаматтық қоғам институттарымен өзара тиімді іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету болып табылады»,- деді Нұртөре Жүсіп.

Кездесуге қатысушылар ҚХА қызметіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері депутаттарға мекеменің этносаралық келісімді нығайту саласындағы қызметі туралы айтып берді.

Сенатор Закиржан Кузиев Сенаттағы Ассамблеяның бес мүшесі заңнамалық деңгейде кері байланысты жүзеге асыруға, қоғамдық бақылау жүргізуге және Парламентте Қазақстанның барлық этностарының мүдделерін білдіруге атсалысып жүргенін атап өтті.

«Жалпы, барлық депутаттардың алдында бір ғана міндет тұр – күн сайын алғы шепте болу, шешім қабылдау және ол үшін халық алдында жауапкершілік алу. ҚХА басшылығымен біз апта сайын кездесу өткізіп, белгілі бір мәселелерді, оның ішінде жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қатысты мәселелерді шешуді талқылап отырмыз»,- деді Закиржан Кузиев.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here