Сүйінші! «Қазақ» газеті шыққан күн Ұлттық басылым күніне айналды

0
1546

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында 2 ақпан – Ұлттық басылым күні болып белгіленгені жөнінде сүйінші жаңалықты жеткізді.

«Бастауында Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатұлы секілді ұлт зиялылары тұрған «Қазақ» газетінің алғашқы нөмірі осыдан 110 жыл бұрын, 2 ақпан күні жарық көргені белгілі. Алаш ардақтыларының қолтаңбасы қалған газет ұлттық ренессанстың қайнар көзіне айналып, халқымыздың ақыл-ойын, сана-сезімін бөлек арнаға бұрды. Мемлекет басшысы бұған дейін Қазақ радиосының 100 жылдығы аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп ресми түрде бекіткен еді. Енді міне, журналистер қауымы үшін тағы бір атаулы күн белгіленіп отыр», – деп сүйіншіледі Дархан Қуандықұлы.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here