Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы мөлшері көбейеді. Атап айтқанда, бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы – 20%-ға, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы – 15%-ға, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің шәкіртақысы – 50%-ға артады.
Белгіленген шәкіртақы мөлшері:
- докторанттарға (оның ішінде «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша) – 217 500 теңге;
- даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша резидент-дәрігерлерге және магистранттарға – 111 579 теңге;
- магистранттарға – 97 024 теңге;
- интерндерге – 75 890 теңге;
- жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық және «Денсаулық сақтау» бағыттары бойынша білім алатын студенттерге – 67 200 теңге;
- даярлаудың педагогикалық бағыттары және «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім алатын студенттерді қоспағанда жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 41 898 теңге;
- техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге – 32 681 теңге;
- техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін), орта білімнен кейінгі білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге – 31 422 теңге.