Қанат Шарлапаев Солтүстік Қазақстан облысында болды

0
1214

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында жаңа «Бірлік» шағын ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге салынып жатқан үйлердің құрылыс барысымен танысты.

Құрылыс «Kaspi», «Kazakhmys» және «Kazminerals management» басқарушы компанияларының қаражатына жүргізілуде. Жаңа «Бірлік» шағын ауданында 200-ге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Министр 1 қазанға дейін 700 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланғанын хабарлады.

Облыс орталығында Министр «Қопай» шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Қазіргі таңда, 29 көпқабатты үй салынып жатыр. Сонымен қатар, Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккен «Кожевенный» шағын ауданындағы механикаландырылған жасақтардың жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарымен танысты.

Облыста 70 механикалық бригада жұмылдырылып, 250 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде және 88 үйде жұмыстар аяқталды. Министр Қызылжар ауданының Бескөл ауылында 5 қабатты 50 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысын тексерді.

Қанат Шарлапаев қалпына келтіру жұмыстарын жүргізудің тиімділігі мен сапасын атап өтті. Жұмыстар инфрақұрылымды тез қалпына келтіріп, тұрғындарды жаңа баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жалғасуда.

Министр Қанат Шарлапаев Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы бес қабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың желтоқсан айына дейін аяқтау жоспарлануда. Құрылыстың бас мердігері – «Павлодар зауыты ТЕМІРМАШ» ЖШС. Жобаның негізгі дайындығы 60% құрайды.

Пәтер ауданы:

1 бөлме – 44 ш.м. – 17 пәтер, жалпы ауданы 748 ш.м.

2 бөлме – 56 ш.м. – 19 пәтер, жалпы ауданы 1064 ш.м.

3 бөлме – 66,3 ш.м. – 14 пәтер, жалпы ауданы 929 ш.м.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі құрылыс жұмыстарының тиімділігі мен сапасын атап өтті. Кезекте тұрғандардың барлығын пәтермен қамтамасыз ету үшін аудан әкімдігі екінші кезектегі тұрғын үй сатып алу тәжірибесін қолдануда. Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысында 94 адам баспана кезегінде тұр, оның ішінде 14 көп балалы отбасы.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here