Сенат Төрағасы референдумда дауыс берді

0
148

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев республикалық референдумға қатысты. Палата Спикері Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында орналасқан №111 дауыс беру учаскесінде өз таңдауын жасады.

Мәулен Әшімбаев БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында республикалық референдумға шығарылған мәселе еліміз үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті. Сондай-ақ мұндай жалпыұлттық дауыс беру үдерісі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іске асырылуының жарқын көрінісі екені айтылды.

Сонымен қатар Сенат Төрағасы қазақстандықтарды өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, референдумға белсенді қатысуға шақырды. Мәулен Әшімбаев еліміздің және келер ұрпақтың болашағы жолында әрбір азаматтың дауысы маңызды екенін де тілге тиек етті.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here