Қазақстан Ұлттық банкі басқармасының кезекті отырысында ақша және валюта нарығындағы жағдай туралы баяндама қабылданды.
«2025 жылғы 28 наурыздан бастап 2024 жылғы үлгідегі өзгертілген дизайны бар 1 000 теңгелік банкнотаны айналымға шығару туралы шешім қабылданды», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 2025 жылы екі жаңа коллекциялық монета – GRIFFIN («Көшпенділер аңызы мен мифтері» сериясынан) және OTYRAR («Қазақстанды монеталар арқылы зертте» сериясынан) монеталарын шығару әрі айналымға енгізу мәселесі бекітілді.