Елімізде 1 қыркүйектен бастап көршілеріне күн көрсетпейтін азаматтар қоғамдық жұмыстарға тартыла бастайды. Яғни, айыппұл түріндегі жазадан бөлек, көше сыпырып, қоқыс жинауға жұмылдырылады. Осылайша, Үкімет тәртіпсіз тұрғындарды қайта тәрбиелеуді көздеп отыр.
Енді қоғамдық жұмыстарға әкімшілік кодекстің нақты қай бабын бұзғандар тартылатынына тоқталсақ.
Біріншіден, 73-бап. Яғни, отбасының мазасын алып, зайыбының ар-намысын таптағандар. Кемі 20 сағат көшені қоқыстан тазартуға міндетті. Егер бұзақылық есепті жыл ішінде қайталанса, жаза еселенеді.
Екіншіден, 434-бап – ұсақ бұзақылық. Көпшілік көп жиналатын жерлерде былапыт сөздер айтып, айналасындағы адамдарға тиiсіп, балағаттағаны үшін 20-60 сағат көлеміндегі қоғамдық жұмыстарға жегіледі. Қайталанса, 100 сағатқа дейін ұлғаюы мүмкін.
Қоғамдық орында қоқыс тастаса, жаза 40, 80 сағатты құрайды. Бұл кодекстің 434-бабы, 2-бөлігі. Мұны үш деп қойыңыз.
Төртіншіден, 440-бап. Демек, алкоголь iшіп, не қоғамдық орындарға масаң күйде келсе, 20 сағаттық жұмыс күтіп тұр деген сөз.







