Қайырымы мол қор

0
1231

Елімізде 2007 жылдың наурыз айында құрылған «АЯЛА» қоры Қазақстанда сәбилер мен балалар өлімін азайту, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету, балалар үйлері мен мектеп-интернаттарға, оның ішінде тәрбиеленушілерге кәсіби тұрғыдан бағыт-бағдар беру секілді игі істерді жүзеге асырып келеді.

Қор мемлекеттік балалар медициналық және білім беру мекемелерімен жұмыс істейді. 15 жыл ішінде қор тарапынан Қазақстанның 67 елдімекеніне көмек көрсетілген. Балалар ауруханаларына, перинаталдық орталықтарға, перзентханаларға, интернаттар мен балалар үйлеріне жіберілген көмекке жалпы сомасы 4 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалған.

2007 жылдан бері қор «Өмір сыйлайық» жобасын жүзеге асырып келеді. Бұл жоба арқылы жиналған қаражат Қазақстанның перинаталдық орталықтары мен балалар ауруханаларына заманауи реанимациялық жабдықтарды сатып алуға әрі орнатуға жұмсалады. «АЯЛА» қорының өкілі Меруерт Рысбекованың мәліметінше, 15 жыл ішінде бұл жоба Қазақстанның 36 қаласы мен 67 медициналық мекемесін қамтыған. Жиналған қаражатпен Қазақстанда емес, одан тыс жерлерде жүз мыңнан астам баланың өмірі сақталған. Қор ірі демеушілер мен қазақстандықтар аударған 2 миллиард теңгеге жуық қаражатқа ауруханаларға: 124 фототерапия аппаратын, 16 ИВЛ аппаратын, жаңа туған нәрестелерге арналған 11 инкубаторды, 26 реанимациялық үстел, 12 СИПАП аппараты, 34 төсек жанындағы монитор, 2 наркоз аппараты, 15 ЭЭГ мониторы және жаңа туған нәрестенің өмірін сақтап қалуға арналған 14 терапиялық гипотермия аппаратын сатып алып орналастырған.

Бұдан бөлек, қор Пусан ұлттық университетінің госпиталімен (ПҰУГ), Пусан қаласының Экономикалық даму агенттігімен және «Донг-А» жеке клиникасымен 2 Меморандумға қол қойған. Меморандум аясында оңтүстік кореялық клиникалармен «АЯЛА» қоры дәрігерлердің біліктілігін арттырып, балаларды емдеп, озық медициналық технологиялармен алмасқан. Сондай-ақ, ҚР қалалық және облыстық ауруханаларының балаларына тегін кеңестер берілген.

2017 жылдан бастап Қор ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен «Басқарылатын гипотермия» жобасын іске асырып, ортақ меморандумға қол қойған.

Елімізде шетінеген сәбилердің 60%-дан астамы жаңа туылған нәрестелер. Олардың өлімінің негізгі себептерінің бірі – орталық жүйке жүйесінің зақымдануы, мұндай жағдайдың 70 пайызы гипоксияға байланысты. Терапиялық гипотермияны нәресте өмірінің алғашқы сағаттарында қолданған жөн. Бұл ми жасушаларының жұмысын қалпына келтіруге, дәл температуралық әсер қан ағынын түзетуге және нәрестенің бас миының жасушалары мен зақымданған бөліктерінің қалпына келуін бақылауға мүмкіндік береді.

Жоба аясында қор 14 гипотермия аппаратын сатып алған: оның үш данасы Алматы қаласына, бір данадан – Астана, Атырау, Түркістан, Семей, Тараз қалаларына берілсе, «Samruk-Kazyna Trust» қоры көмегімен бұл құралмен бір данадан Қарағанды, Шымкент, Талдықорған, Өскемен, Орал, Ақтау қалалары қамтылған. Сондай-ақ, 11 амплитудалық электроэнцефалография аппараты берілген.

Сонымен қатар, қор бүгінде өзінің YouTube арнасын белсенді дамытып келеді. Қазір онда 4 плей-лист бар және жалпы саны 703 мыңнан асатын көрсетілім болған 99 бейне жүктелген.

2021 жылғы ақпанда қор «AYALA онлайн-академиясын»  –неонатология, балалар реаниматологиясы, жаңа туған нәрестелер патологиясы және шала туған балаларды бағып-күтуге маманданған қазақстандық дәрігерлердің біліктілігін арттыруға көмектесетін тегін бейнекурстары бар платформаны іске қосты. Қазіргі уақытта платформада 647-ден астам неонатолог дәрігер тіркелген.

«АЯЛА» қорының денсаулық сақтау саласынан бөлек балалар мен жасөспірімдерге кәсіптік бағдар беруге, интернаттар мен балалар үйлерінде арнайы кабинеттер (әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау, тігін, слесарь, ағаш ұстасы, қыш құмыра шеберханалары, шаштараз өнері кабинеттері) ашуға бағытталған жобалары бар. Тәрбиеленушілер үшін қордың ірі демеушілері мен серіктестерімен бірге қызықты және пайдалы еріктілер жобалары жүзеге асырылуда.

«АЯЛА» қоры 2021 жылы маусымда ҚР Білім және ғылым министрлігімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойған, бұл тараптардың келесі бағыттарда ынтымақтастықты дамытудағы талпынысын нығайта түседі: «Кәсіби бағдарлау» жобасын жүзеге асыру үшін жағдай жасау; «Кәсіби бағдарлау» жобасының мүмкіндіктері туралы халықтың әлеуметтік-осал топтарынан шыққан балаларды ақпараттандыруға жәрдемдесу; балалар үйлері мен интернат өкілдерін қормен ынтымақтастыққа тартуға жәрдемдесу; Меморандумды жүзеге асырумен байланысты мәселелерді шешудің басқа да қолдау шараларын көрсету.  

Осы жылдан бастап қор балалардың туа бітті мүгедектігін азайту бойынша міндеттерге баса назар аударады. 2008 жылдан бастап Қазақстан тірі туудың халықаралық талаптары бойынша жұмыс істеп келеді. Қордың перинатальдық орталықтарда 500 грамнан басталатын тым төмен және экстремалды төмен дене салмағымен балалар туылып, күтімге алына бастады. Өкінішке қарай, көп жағдайда дене салмағы экстремалды төмен, шала туған нәрестелердің өмірлік маңызды жүйелерінің мүлдем жетілмей қалуынан мүгедектікке әкелетін аурулар, соның ішінде шала туғандар ретинопатиясы тіркелген.

Шала туғандар ретинопатиясы – салмағы жеткіліксіз шала туған сәбилерде асқынатын, көз ауруының ауыр зақымданатын түрі, ол сонымен қатар көздің ішкі тор қабығының өзгеруі және шыны тәріздес дене асқынуымен қатар жүреді. Жыл сайын Қазақстанда 1000-ға жуық жаңа туған сәбиге осындай диагноз қойылады. Биыл мамыр айында AYALA қайырымдылық қоры шала туған сәбилердегі ретинопатия ауруын азайтуға бағытталған жұмыстарды үйлестіру туралы ҚР денсаулық сақтау министрлігімен Меморандумға қол қойған. Қор Қазақстанның 14 перинаталдық және ғылыми орталықтарындағы ретинопатияға шалдыққандарды хирургиялық түзетуге арналған лазерлі қондырғылар және офтальмоскоптармен қамтамасыз ету міндеттемесін өзіне алды. 

Бүгінде қор көз аурулары мен патологиясын анықтау, жаңа туған сәбилерді қарауға арналған 12 офтальмоскоп пен шала туған балалардың ретинопатиясын емдеуге арналған 4 лазерлік жүйе алған.  Сонымен қатар, қор ҚР Денсаулық сақтау министрлігі деңгейінде ангиогенез ингибиторын интравитералды енгізу арқылы ретинопатияның қауырт түрін дәрі-дәрмекпен емдеу бойынша Клиникалық хаттаманы ресми мақұлдауға ықпал еткен. Қордың ендігі мақсаты – шала туған балалардағы ретинопатияны дәл диагностикалау үшін ретиналды камера алу. Бұл қымбат тұратын жүйені алу үшін қор қазіргі таңда белсенді түрде демеушілер тарту жұмыстарын жүргізуде. 

Жансая ШЫҢҒЫСХАН

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here