Асқар Ақаев ҚазҰУ-да халықаралық ұйым туралы дәріс оқыды

0
769

Қырғыз Республикасының Тұңғыш Президенті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың құрметті профессоры, Ресей Ғылым академиясының академигі, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Күрделі жүйелерді математикалық зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының докторы Асқар Ақаев «БРИКС елдерінің даму қарқынын жаңа әлемдік тәртіп негізі ретінде болжау модельдері» тақырыбында кездесу-дәріс оқыды.

Дәріске университет басшылығы, ғалымдар мен оқытушы-профессорлар құрамы және білім алушы жастар қатысты. 

Кездесуді ашқан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев қатысушыларға бір жыл бұрын академик  Асқар Ақаев университетте екі күн қатарынан көшбасшылық дәріс оқығанын еске салды. «Игі дәстүрді жалғастырып, Асқар Ақайұлы сіздермен тағы да кездесуге арнайы келді. Академик Асқар Ақаев әлемдегі саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді талдау мен болжау бойынша өзінің ғылыми мектебін құрды. Күрделі жүйелер динамикасын математикалық модельдеу саласындағы әлемге әйгілі маман, Нобель бейбітшілік сыйлығының азиялық баламасы саналатын Гузи Бейбітшілік сыйлығымен марапатталған. 2021 жылы профессор Асқар Ақайұлына «күрделі жүйелер динамикасын математикалық модельдеу саласындағы бірінші дәрежелі ғылыми жетістіктері» үшін I-дәрежелі беделді М.Ломоносов сыйлығы берілді», – деп атап өтті университет басшысы.

ҚазҰУ басшылығына айрықша алғыс білдірген Асқар Ақаев: «Бүгінде Әл-Фарабиатындағы Қазақ ұлттық университетінің өркендеп келе жатқанын көріп отырмыз. Біз бүгін университеттің наноспутниктер жасалатын зертханаларының біріне бардық. Цифрлық дәуір STEAM-білім беру саласында жоғары білікті мамандарды талап етеді. Осы бағыттағы технопарктің негізі ҚазҰУ-да қаланғаны қуантады», – деп атап өтті.  

Өз кезегінде Асқар Ақаев 2006 жылы Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай сынды 4 елді біріктірген БРИКС мемлекетаралық ұйымы туралы айтты. Кейін бұл ұйымға Оңтүстік Африка Республикасы да қосылғанын атап өтті. Бұл бес өркениет елдері: Латын Америкасы (Бразилия), еуразиялық (Ресей) және өркениет мемлекеттері – Қытай, Үндістан және Оңтүстік Африка елдерін қамтитын мемлекеттердің алғашқы өркениетаралық бірлестігі. Спикердің пікірінше, БРИКС қазіргі уақытта көптеген мемлекеттер мүше болғысы келетін танымал халықаралық ұйымның бірі. Ол мемлекеттердің ішкі істеріне араласпайды, бірақ олардың дамуын демократиялық және ерекше тең негізде қолдайды. Орта Азия мұсылман-түркі өркениетінде Қазақстан көшбасшы болып табылады. БРИКС болашақта көпбағытты әлемдік тәртіптің негіздерін қалыптастырады. «Менің ойымша, Қазақстан Еуразиялық өркениетте келешекте Орталық Азия, түркі өркениетінің көшбасшысы ретінде кіруге лайықты кандидат. Қазақстан өзінің барлық көрсеткіштері бойынша болашақ көпполярлы әлемдік құрылымның бастауын көтеретін перспективалы және келешегі мол ұйымның құрамында болуға лайықты мемлекет деп санаймын», – деп атап өтті лектор. 

Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, өзара пікір алмасты. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here