Жақып Асанов Моңғолия депутаттарымен кездесті

0
337

ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов Моңғолияның Мемлекеттік Ұлы Хуралы депутаттарының делегациясымен кездесті. Делегацияны «Моңғолия-Қазақстан» депутаттық достық тобының жетекшісі Бәделхан Қабдысіләмұлы бастап келді. 

Сенат Төрағасының орынбасары кездесуді аша келіп, Моңғолия Қазақстанның Азиядағы маңызды әріптестерінің бірі екенін атап өтті. Ол сондай-ақ екі ел арасындағы саяси саладағы ынтымақтастық тарихы терең байланыстарға негізделгенін және өзара құрмет пен қолдау рухында ұдайы дамып келе жатқанын атап өтті.

«Біздің елдеріміз арасындағы өзара іс-қимылдың маңызды бағыттарының бірі – парламентаралық ынтымақтастық болып табылады. Біз Моңғолияның Мемлекеттік Ұлы Хуралымен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделіміз. Атап айтқанда, бізге ҚР Сенатындағы Моңғолиямен ынтымақтастық тобы мен «Моңғолия-Қазақстан» парламенттік тобы арасындағы диалогты дамыту қажет. Сіздің сапарыңыз біздің арамызда қалыптасқан парламентаралық қатынастарымызға жаңа серпін беретініне сенеміз», – деді Жақып Асанов.

Сенат Төрағасының орынбасары кездесу барысында еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалардың жүзеге асу барысымен таныстырды.

Тараптар әңгіме соңында екі ел арасындағы өзара ынта-ықылас туғызатын барлық салалардағы кеңейтілген әріптестікті одан әрі дамытуға сенім білдірді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here