Сенатор Жамбыл облысындағы бірқатар елді мекендерде болды

0
806

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков Жамбыл облысындағы Жамбыл ауданында болды. Сенатор Тастөбе ауылындағы «Қызылдихан» өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты. Бұл кооператив ауылдың 500-ге жуық тұрғынын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Сенатор аймақтағы су арналарының жұмысынан хабардар болды. Бекболат Орынбеков өңірдегі суармалы жерлер мәселесі өткір екенін айта келіп, суару техникасын уақытылы және сапалы жөндеу жүргізу облыстың дамуына жаңа серпін беретінін атап өтті.

«Қазіргі уақытта ҚР Сенатының депутаттары еліміздің өмірінде ерекше орын алатын аса маңызды заңдарды қабылдады. Енді қабылданатын заңдардың сапасын арттыру мақсатында шалғайдағы ауылдық аудандардағы қарапайым тұрғындармен де пікір алмасамыз. Аудан тұрғындарының ұсыныстарын ескере отырып қабылдағанда ғана заң сапалы болады», – деп атап өтті депутат.

Сенатор сапар барысында Мойынқұм, Талас, Байзақ аудандарында және Тараз қаласында болып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады және халықпен кездесті.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here