2024 жылы қажылыққа биылғы 20 желтоқсанға дейін тіркелген азаматтар ғана бара алады

0
537

Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігі қажылыққа баруға ниетті ел азаматтарын 20 желтоқсанға дейін тіркеліп үлгеру керектігін еске салды. Өйткені, жаңа талап бойынша, қажылық орындары аталған мерзімге дейін тіркеліп үлгерген елдерге ғана беріледі. Яғни, 20 желтоқсанға дейін қажылықтың электронды жүйесіне тіркеліп, сол жүйеден алынатын қызмет түрлеріне (қонақ үй, Мина мен Арафат қызметтері) қаражатын төлеген кісі санының көлеміне сай Қазақстан азаматтары үшін қажылық орындарының саны анықталады. 

2024 жылы қазақстандықтарды қажылыққа конкурстан өткен 17 туристік оператор апарады. Олар: «Хикмет Тревел» ЖШС, «Атлас Туризм» ЖШС, «Қызмет Саяхат» ЖШС, «Tawaf Travel» ЖШС, «Хидаят-Нур» ЖШС, «Нұр-Қазақстан» ЖШС, «Nurkhan travel» ЖШС, «Сембекова и К» ТС, «Sanabl kz» ЖШС, «Mina travel» ЖШС, «Ал-Маруа» ЖШС, «Ордабасы – НЖ» ЖШС, «Robinzon kz» ЖШС, «Delta Tour» ЖШС, «Иман Travel Тур» ЖШС, «Dostik travel» ЖШС, «Qazaq Sapar» ЖШС.

Аталған туристік компаниялар қажылардың қауіпсіздігіне, оларды Мекке-Мәдинаға апарып-әкелуге, қонақ үй және ас-сумен, транспортпен қамтамасыз етуге және тиісті құжаттарын рәсімдеуге міндеттеледі.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here