Қазақстанда көші-қон ресурстарына арналған «Миграция» порталы іске қосылды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Сонымен қатар, портал арқылы:
қандас мәртебесін тағайындау;
иммигранттар мен кандидаттарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу;
«Ата жолы» картасы алу;
пана іздеушілерге куәлік береді.
«Портал шетелдік азаматтар туралы ақпаратты орталықтандырылған басқару құралдарын біріктіреді, сондай-ақ көші-қон саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырады. Инновациялық шешім көші-қон процестерінің әртүрлі кезеңдерін синхрондауға, деректерді тиімдірек басқаруға, оларды өңдеу уақыты мен құнын қысқартуға мүмкіндік береді», – деп жазылған хабарламада.