Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласындағы мемлекетаралық құпиялардың сақталуы туралы заңды талқылады

0
355

Сенатор Нұрлан Бекназаровтың төрағалық етуімен Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда сенаторлар «1999 жылғы 4 маусымдағы Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарады.

Заңның негізгі міндеті өнертабыстарды құқықтық қорғау мерзімінің өтуіне байланысты Келісімнің қолданылуын тоқтатуды заңды түрде ресімдеу болып табылады.

Келісімді ратификациялау кезінде оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.

Заң Палатаның қарауына жіберілді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here