Абай айтқан кеселдерден арылсақ – Нұртөре Жүсіп

0
253

Кезінде Абай атамыз қазақтың дамуын тежейтін түрлі кеселдің кесірі туралы айтқан еді. Солардың қатарына лудомания мен вандализм да қосылды…

«Қоғамдық кеселдерді түбірімен жоямыз десек, ортақ іске бүкіл ел болып жұмылған жөн», – деді Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 33-ші сессиясында.

Президенттің айтуынша, Ассамблея нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресу ісінде маңызды рөл атқарады.

«Қауіпсіз өмір сүру үшін осындай қатерлі құбылыстардан біржола арылуымыз керек. Бұл – әсіресе, ұрпақтың болашағы үшін айрықша маңызды. Біз балалар мен жастарды барынша қорғап, дұрыс тәрбиелеуіміз қажет. Қоғамдық кеселдерді түбірімен жоямыз десек, ортақ іске бүкіл ел болып жұмылған жөн.

Ұлтына, дініне, әлеуметтік жағдайына қарамастан, оған барлығы атсалысуы керек. «Ұлы жол шағын қадамнан басталады». Сол сияқты кішігірім әрекеттер ауқымды өзгерістерге жол ашады», деді Қ. Тоқаев.

Мемлекет басшысы әр адамның ой-санасы және мінез-құлқы жақсарса, тұтас қоғам жақсаратынын және мақсат-мұраты биік болса, елдің рухы да биік болатын баса айтты.

«Адал азамат» болу аса маңызды», – деді.

Нұртөре ЖҮСІП, ҚР Парламенті Сенатының депутаты

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here