Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен 200-ден астам үйді бағалау нәтижелері дайындалды

0
374

Құлсары қаласының мобильдік топтары су тасқынынан зардап шеккен үйлердің залалын бағалау және техникалық сараптама қорытындыларын түсіндіру бойынша жұмысты жалғастыруда. Бүгін, 17 мамырда алты мобильді топ, бағалау нәтижелерін таныстыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін 100-ге жуық құлсарылықты қамтитын болады.

Бағалау нәтижелерімен танысқаннан кейін, екі күн өткен соң Құлсары тұрғындары мемлекеттен көмек алу үшін Жылыой ауданының әкімдігіне жүгіне алады.

Жергілікті тұрғын Гүлнұр Ілиясованың айтуынша, су тасқыны кезінде су деңгейі оның үйінің терезесіне дейін жеткен.

«Қазір бұл үй тұруға жарамсыз, біз бір шаршы метрге 240 мың сомаға қанағаттанамыз. Бұл қаражат үйімізді бұзып, қайтадан салуға жеткілікті», – деді Гүлнұр Ілиясова.

Тасқыннан зардап шеккен тұрғындардың бірі Күләш Аманбайқызы өзі үшін ең бастысы, мемлекеттің қолдауынсыз қалдырмайтыны екенін айтты.

«Мемлекет тарапынан бір шаршы метрге 200-240 мың теңге көлемінде ұсынылып отырған сома мен үшін жеткілікті. Дәл қазіргі жағдайда мен үшін ең бастысы – үйімді салып алу. Маған артық ештеңе қажет емес, ұсынылып отырған өтемақыға ризамын», – деді Күләш Аманбайқызы.

Мобильді топтардың үй аралап, бағалау нәтижелерімен таныстыру жұмыстары тасқыннан зардап шеккен барлық үйлерді бағалау жұмыстары толық аяқталғанға дейін күн сайын үзіліссіз, демалыссыз жалғасатын болады.

Сонымен қатар, Құлсары қаласындағы № 20 мектеп базасында үйлері апатты деп танылған тұрғындармен меморандум жасау үшін өтініштерді қабылдау жалғасуда.

Меморандум аясында тұрғындар зардап шеккен тұрғын үй үшін өтемақы төлеуге байланысты өзіне ыңғайлы амалдарын таңдай алады.

Атап айтқанда, үйді авариялық деп тану кезінде, сондай-ақ, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін залалды өтеудің мынадай нұсқалары көзделген:

  1. Зардап шеккендердің арнайы нысаналы шоттарына ақша қаражатын аудару
    жаңа тұрғын үй сатып алуға, тұрғын үй салуға немесе жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына;
  2. Жергілікті атқарушы органның жобалық үлгісі бойынша 3 ай ішінде пайдалануға беру міндеттемесімен үй салу.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here