1 маусымда ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Қазақстандағы баршаны баланы және ел азаматтарын Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. Динара Болатқызының айтуынша, біздің ақылды, талантты, үміт артқан балаларымызбен мақтанатынын жеткізді.
«Балаларды қорғау, олардың құқықтарын қамтамасыз ету және қолайлы өмір сүру жағдайларын жасау қоғамның әр мүшесі үшін басымдық екенін бәріміз түсінуіміз керек. Балалар қауіпсіздігі мен әл-ауқаты – ортақ мақсат. Әр баланың өмірі мен қауіпсіздігі ересектерге және ең алдымен оның ата-анасына байланысты. Ата-ана ретінде балаларымыздың тағдыры үшін бірінші кезекте біз жауапты екенінімізді үнемі есте ұстауымыз керек. Бір өкініштісі, статистика балаларға қауіптің жиі төнетінін көрсетеді. Күн сайын 3 бала терезеден құлап, уланудан, жарақаттанудан, көлік апатынан қайтыс болып жатыр. Зорлық-зомбылыққа қатысты трагедиялардың көбін болдырмауға болушы еді, 70% жағдайда айналадағы адамдар уақытында әрекет етпеді. Сондықтан бүгін, Балаларды қорғау күні, мен, қымбатты ата-аналар, ересектер, бәріңізді, балаларға сезімталдық пен жауапкершілік танытуға, балалар қорғаушысы болуға, оларға қиын жағдайда көмектесуге, балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездікті болдырмауға шақырамын! Біздің балалық шақты қорғаудың ұлттық жүйесінде біз биліктің барлық тармақтарының, азаматтық қоғамның, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың тығыз өзара іс-қимылы мен қолдауына сенеміз. Бәріміз бірге балаларымыздың бақытты балалық шағы үшін қажет нәрсенің бәрін жасай алатынымызға кәміл сенемін», – деді ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.