Мәулен Әшімбаев: Конституцияның қағидаттарына адал болу – баршаға ортақ міндет

0
4904

Құрметті достар!

Баршаңызды Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ата заң – елдігіміздің берік құқықтық негізі, еркіндігіміздің кепілі және баршамыздың табан тірейтін мызғымас тұғырымыз. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Конституциямызға аса маңызды өзгерістер енгізілгені және оның бәрін азаматтарымыз қызу қолдағаны белгілі. Нәтижесінде ол қоғамның талап-тілегін тұтас қамтыған темірқазық құжатқа айналды.

Бүгінде Ата заңымыз бізді егемендік, теңдiк, татулық секілді биік мұраттарға, ұлттық және адамзаттық асыл құндылықтарға бастап келеді. Сондай-ақ басты құқықтық құжат қоғамда әділеттілік қағидасының орнығуына баламасыз бағдар болып отыр. Сондықтан Конституциямызды қорғау, оның қағидаттарына адал болу – баршаға ортақ міндет.

Осы маңызды мерекемен құттықтай отырып, баршаңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке-бірлік тілеймін. Қастерлі Отанымыздың айбыны асқақ, беделі биік болсын!

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here