Сұлтанбек Мәкежанов: Әрбір бастамамыз – болашағымыздың кепілі

0
730

Сенат депутаты Сұлтанбек Мәкежанов Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбатына орай Instagram әлеуметтік желісінде өз ойларын ортаға салды. Онда былай делінген:

Мемлекет басшысының «Ана тілі» газетіне берген «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» сұхбатында Қазақстанның тұрақты дамуы үшін соңғы жылдары мемлекетіміз инвестициялық орта мен іскерлік белсенділікті жақсарту бағытында маңызды жұмыстар атқарылғаны туралы айтылды.

Тікелей шетелдік инвестиция көлемі 2023 жылы 15,7 миллиард долларға жетіп, бұл көрсеткіш Солтүстік және Орталық Азия аймағындағы инвестицияның басым бөлігін құрады. Бұл – біздің еліміздің халықаралық нарықта сенімді әріптеске айналғанының айқын дәлелі.

Бизнес үшін жағдайды жеңілдету мақсатында жаңа заңдар қабылданып, әкімшілік кедергілер азайтылды. Мемлекет ашық әрі тұрақты реттеу жүйесін құруға басымдық беріп, кәсіпкерлерге идеяларын іске асыруда нақты қолдау көрсетіп келеді.

«Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін Инвестициялық штабтың арқасында экономика әртараптандырылып, халықаралық серіктестермен ынтымақтастық нығайып жатыр.

«Шағын және орта бизнес (ШОБ) Қазақстан экономикасында 4,3 миллион адамды жұмыспен қамтамасыз ететін түйінді, жүйе құраушы рөл атқарады», – деп Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті қолдауға ерекше назар аударды.

Бұл кәсіпкерлерге субсидиялау, жеңілдетілген несиелеу және кепілдендіру сияқты қолдау құралдарының ұсынылуы. Бұл тек экономиканы дамыту ғана емес, халықты жұмыспен қамту және әл-ауқатын арттыру жолындағы маңызды қадам.

Мемлекет басшысының экономикалық реформалары елімізді жаңа белестерге шығарып, Қазақстанды сенімді әрі тұрақты серіктес ретінде танытып келеді.

Біздің басты мақсатымыз – осы бағытта бірлесіп еңбек етіп, әрбір азамат үшін жарқын болашақ қалыптастыру.

Қазақстанның экономикасын дамыту жолындағы әрбір бастамамыз – болашағымыздың кепілі.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here