2025 жылдың 30 қаңтарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінің ашық сабағына қатысты.
«»Абай жолы» роман-эпопеясының композициялық ерекшелігі» тақырыбында өткен ашық сабаққа «Мансап» орталығының жетекшісі Рақымберді Жетібай, №131 мектеп-лицейдің басшысы Роза Достанова мен білім алушылардың жетекшілері қатысты. Ашық сабақты Филология факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Аида Адаева өткізді.
Сабақ барысында білім алушы күрделі терминдерге нақты және егжей-тегжейлі түсініктеме беріп, аудиторияны оқу процесіне тарту қабілетін көрсете отырып, тамаша оқытушылық шеберлігін көрсетті. Оқушылар да белсенді қатысып, бұл топтық жұмысты сәтті бағалауға ықпал етті.
Өз кезегінде Болат Тілеп студенттеріміздің үнемі озық біліммен қарулануына бағытталатын білім беру ортасын қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып, студенттер университеттің зияткерлік дамуының негізгі драйверлері екенін атап өтті. Сондай-ақ, мектеп оқушыларын еліміздің болашақ ұрпағы үшін аса қажет педагогикалық мамандықты таңдауға шақырды. Сонымен қатар, студент пен оның барлық тәлімгерлеріне бүгінгі жоғары деңгейде ұйымдастырылған сабақ барысы үшін алғыс айтты.
Айта кетейік, мұндай іс-шараға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілептің және де басқа да қонақтардың қатысуы – студенттердің бастамаларын қолдаудың айқын үлгісі. Бұл білім беру және даму үдерісінде университет басшылығы мен студенттердің өзара әрекеттесуінің маңыздылығын көрсетеді.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дің баспасөз қызметі