ҚазҰУ ғалымдарының қатерлі ісікті емдеудегі инновациялық жетістіктері

0
769

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары қатерлі ісік ауруына қарсы қолданылатын дәрілік препараттарды жетілдірді. Университет мамандары Іле-Балқаш өңірінде өсетін бұршақтүсті түйетабан өсімдігін зерттеп, оның қатерлі ісік ауруына қарсы белсенділігі барын анықтады.

Бұршақтүсті түйетабан ертеректе халық медицинасында кеңінен қолданылған. Дегенмен, аталған өсімдік ғылыми тұрғыда толық зерттелмеген. ҚазҰУ ғалымдары тұңғыш болып өсімдіктің фитохимиялық және құрамындағы биологиялық белсенді заттарды анықтау бойынша арнайы сараптама жүргізді. Зерттеушілердің айтуынша, бұл жоба алдағы уақытта отандық фармацевтиканы дамытуға септігін тигізбек.

«Жоба нәтижесінде бұршақтүсті түйетабан өсімдігінің биологиялық белсенділігі жоғары екені анықталды. Өсімдік сығындылары антиоксиданттық, антимикробтық және цитоуыттылық қасиеттерімен ерекшеленді. Мәселен, этанол сығындысы күшті антиоксиданттық белсенділік көрсетті, ал этил ацетаты сығындысы бактерияларға қарсы тиімділік танытты. Сондай-ақ өсімдіктің белгілі бір сығындылары лейкемия жасушаларына қарсы тұра алатыны дәлелденді. Мұны болашақта қатерлі ісік ауруына қарсы дайындалатын дәрілерге пайдалануға болады», – дейді ҚазҰУ-дың аға оқытушысы, докторант Гүлзат Қайранова.

Ғылыми жоба бойынша қауымдастырылған профессор Әсем Мамурова, PhD доктор, Түркия профессоры Ахмет Бейатлы және ҚазҰУ докторанты Гүлзат Қайранова жұмыс істеуде.

Болашақта мамандар патент алуды және жоғары рейтингтік ғылыми журналдарға мақала дайындауды жоспарлап отыр.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here