Сенатор қазақ тазысын шетелге сатуға тыйым салуды ұсынды

0
115

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің атына жолдаған сауалында қазақтың құмай тазысын шетелге экспорттауға тыйым салуды ұсынды. 

«Тазы – ежелгі қазақы ит тұқымы». FCI-дың әдепкі шешімі жарияланды

«Қазақтың құмай тазысы мәдени мұраның бір бөлігі ғана емес, сонымен бірге ұлттық бірегейліктің маңызды символы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы Қазақстан халқына Жолдауында дәстүрлі аңшылық мәдениетін сақтауды қоса алғанда, ұлттық құндылықтарды жаңғыртудың маңызын атап өтті. Қазақ тазысын сақтау бойынша нақты шаралардың қажеттігін бірнеше рет айтты. Дегенмен, тазы тұқымының тазалығын сақтау және оның шетелге бақылаусыз шығарылуын болдырмау үшін қосымша өзгерістер қажеттігі мәселесін де мамандар көтеріп отыр», – деді Бибігүл Нұрғалиқызы. 

Сенатор бұл ретте құмай тазыны шетелге сатуға мүлде тыйым салуды не ол үшін мемлекеттік лицензиясы болуын міндеттеуді талап етті. Сондай-ақ, халық қалаулысы құмай тазыны басқа тұқымдармен будандастыру оның бірегей қасиеттерін сақтап қалуына елеулі қауіп төндіретінін де ескертті.

Айта кетейік, Бибігүл Жексенбай тазы мен төбет күнін қарашаның бірінші жексенбісіне белгілеуді де ұсынды. 

«Қазақ аңшылық мәдениетінде тазы мен төбет тек ит тұқымы ғана емес, көшпенділердің серігі. Аңшылық пен дала өмірінің символы. Дәстүр бойынша, Қазақстанда аң аулау маусымы қарашада, алғашқы қалың қар түскен кез – қансонарда басталады. Тазы мен төбет күнін осы кезеңге орайластырып, қарашаның бірінші жексенбісіне белгілеуді қарастырған жөн», – деді сенатор. 

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here