«ЕРКІН СӨЗ» БАЙҚАУЫНЫҢ БИЫЛҒЫ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

0
1305

Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен, «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның қаржылық демеушілігімен қазақ журналистерінің арасында ұйымдастырылған «Еркін сөз-2019» шығармашылық байқауының жеңімпаздары анықталды.

Биыл үшінші рет өткізілген байқаудың сыйақы қоры 4 миллион теңгені құрады. Бас жүлдеге – 700 000 теңге, бірінші орынға – 300 000 теңге, екінші орынға – 200 000 теңге, үшінші орынға – 100 000 теңге тағайындалды.

Байқаудың басты мақсаты – мемлекеттік тілде жазатын БАҚ өкілдерін қаржы саласына бейімдей отырып, қоғамдағы қаржылық сауаттылық деңгейін көтеру, қарапайым халыққа банк, қаржы туралы кеңінен мәлімет тарату.

«Еркін сөз-2019» байқауында «Үздік телесюжет» аталымы бойынша Бас жүлде Абай Сейфуллаұлына («Astana» телеарнасы) бұйырса, бірінші орынды Айбек Қосанов («Еуразия» телеарнасы), екінші орынды Әнуар Карбозов («Atameken Business» телеарнасы), үшінші орынды Ришат Асқарбекұлы («Astana» телеарнасы) иемденді.

Биыл «Еркін сөз-2019» байқауына сайттар мен газеттерден материалдар көп түсті. Сөйтіп, қаржылық сауаттылық, банктердің пайыздық мөлшерлемесі, ипотека, депозит, т.б. мәселелерді қаузаған журналистер барынша белсенді болды. Сонымен, «Үздік мақала» аталымы бойынша жеңімпаздар: Бас жүлде – Сәкен Орынбасарұлы («Заң» газеті), бірінші орын – Сарби Әйтенова (Алматы облыстық «Жетісу» газеті), екінші орын – Айбөпе Сабырова (Атырау облыстық «Атырау» газеті), үшінші орын – Динара Жұмабекқызы (Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газеті).

«Сайттағы үздік мақала» аталымы бойынша үздік атанғандар: Бас жүлде – Аслан Қаженов (www.inbusiness.kz), бірінші орын – Айша Кеңесбай (www.kazislam.kz), екінші орын – Нұрдәулет Кәкіштегі (www.elorda.info.kz), үшінші орын – Жанбота Төлеген (www.informburo.kz).

Айта кетейік, «Еркін сөз-2019» шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау кеші 21 қараша күні Алматы қаласындағы «Қазақстан» қонақүйінің «Grand Palace» залында өтті. Ал, байқауды «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті Нәзия Жоямергенқызы ұйымдастырды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here