«Самұрық-Қазына» дәрігерлерге 100 жедел жәрдем көлігін, 1 000 оттегі концентратын бере бастады

0
1166

«Самұрық-Қазына» қоры мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қол қою рәсіміне қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қатысты. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі департаменті хабарлады.

Меморандум аясында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры 100 жедел жәрдем көлігін, 1 000 оттегі концентратын, 50 өкпені жасанды желдету аппаратын, 1 000 пульсоксиметр және 3 000 «Авифавир» вирусқа қарсы дәрісін сатып алып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне тапсыруды бастады. Көмектің бұл түрлері ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен келісіле отырып, көмектің тапшылығы ретінде таңдалынды.

«Бұл шаралардың барлығын ел Президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы қолдады. Өздеріңіз білетіндей, жақында Елбасымен кездесу өтіп, онда ол Қордың ішкі қорынан Нұр-сұлтан және Алматы қалаларында екі медициналық орталық салуға қаражат бөлуді тапсырды. Бұл орталықтар халыққа медициналық қызмет көрсету үшін ғана емес, сонымен қатар ғылыми-зерттеу әлеуетін шоғырландыруға арналатын болады. Аталған жұмысты біз бастадық, қаражатты резервке салдық», – деп атап өтті Ахметжан Есімов.

Сөз соңында қор басшысы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен медицина орталықтары бойынша техникалық тапсырма алуды тездетуді, ал аталған қалалардың әкімдерінен тиісті коммуникациялары бар жер учаскелерін бөлуді сұрады.

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі атынан Қордың көрсеткен корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігіне және жұқпалы аурулардың, оның ішінде коронавирустың өршуіне қарсы күресте ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға ықпал еткеніне алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер. Меморандум қазіргі эпидемиологиялық қауіп-қатерлерге дер кезінде және қажетті шаралар қабылдауға мүмкіндік беретініне сенімдімін», – деді Алексей Цой.

«Авифавир» – клиникалық сынақтарда тиімділігін растаған әлемдегі коронавирусқа қарсы екі дәрінің бірі. Коронавирусты емдеуге арналған дәріні «Самұрық-Қазына» қоры «Ресей тікелей инвестициялар қорының Басқарушы компаниясы» АҚ-нан сатып алды.

Ахметжан Есімов дәріні жасаушы «Ресей тікелей инвестициялар қорының Басқарушы компаниясы» АҚ-мен онлайн-конференция барысында оның басшысы Кирилл Дмитриевке осы препараттарды сатып алу мүмкіндігі үшін алғыс айтты.

Естеріңізге сала кетейік, «Самұрық-Қазына» қоры төтенше жағдайдың алғашқы күнінен бастап коронавируспен күреске белсенді қатысуда. Елбасының тапсырмасын орындау үшін қор Нұр-сұлтан және Алматы қалаларында инфекциялық аурулардың алдын алу және бақылау бойынша екі клиника құрылысын қаржыландыратын болады. Ағымдағы жылдың наурыз айында қор 6 млн қорғау маскаларын сатып алуды қаржыландырды, сондай-ақ экономиканың өсуін нығайту, отандық тауар өндірушілерді қолдау және денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша шаралар қабылдады.

Анықтама:

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы – дара акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын қор. Қор 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған және ол коммерциялық құрылым – инвестициялық холдинг саналады. Оның миссиясы – Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын көтеру және ұлттық экономиканы жаңғыртуға қолдау көрсету. «Самұрық-Қазына» өз миссиясын қоржындық компаниялардың ұзақмерзімдік құны мен тұрақты дамуын арттыру үшін оларды тиімді басқару арқылы, сондай-ақ ұлттық экономиканың басым секторларының дамуына каталитикалық инвестиция салу арқылы жүзеге асырады. Қор активі шамамен $67 млрдты құрайды. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына мұнай-газ және көлік-логистика секторларының, химия және атом өнеркәсіптерінің, тау-кен кешендерінің, энергетика, машина құрастыру және жылжымайтын мүлік салаларының кәсіпорындары кіреді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here