Қызылордадағы провизорлық орталықтан соңғы науқас жазылып шықты

0
123

Қызылорда қаласында 360 орындық провизорлық орталық жабылды. Өйткені, 31 шілде күні соңғы науқас жазылып шықты. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімдігі хабарлады.

Медициналық мекеме індет өршіп тұрған уақытта Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 5-ші жатақханасынан ашылған болатын. Шілденің 1-і күні жұмыс істей бастаған орталықта 1 айда өкпесі қабынған мыңға жуық науқас емделді. Енді соңғы адам еміне шипа тауып, үйіне қайтты. Зейнеткер бұл орталыққа өте ауыр жағдайда түскен. Дәрігерлердің біліктілігі мен қажырлығының арқасында екі аптада денсаулығы жақсарды.

Айта кетейік, емдеу мекемесінде 200-ге жуық медициналық қызметкер екі ауысыммен қызмет еткен. Жатақхана толықтай медициналық құралдармен жабдықталды. Бірінші қабатында фильтр кабинеті орналастырылды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here