Жандар Асан Қыздар университетіне қабылдаудың талаптары туралы айтты

0
1752

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ресми өкілі – баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы оқу орнына қабылдау талаптары туралы айтты. Сондай-ақ ол университеттің студенті атану үшін не нәрсені білу керек екеніне және биылғы қабылдау рәсімінде қандай өзгерістер болғандығына тоқталды.

«Біріншіден, Қыздар университетіне жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар қабылданады.

Екіншіден, ҰБТ нәтижесі бойынша «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша 75 балл, «Педагогикалық емес ғылымдар» білім беру саласы бойынша 65 балл жинаған түлектер мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға және ақылы оқуға тапсыруға мүмкіндігі бар.

Үшіншіден, ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған талапкерлер Қыздар университетіне алғашқы оқу жылы аяқталғанға дейін күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданады. Оларға бірінші оқу жылы ішінде (қаңтар, наурыз, сәуір, мамыр) ҰБТ-ны тапсыру мүмкіндігі беріледі.

Төртіншіден, ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған азаматтар оқудан шығарылады.

Бесіншіден, техникалық, кәсіптік немесе жоғары білімі бар азаматтар қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларына ақылы негізде қабылданады.

Алтыншыдан, шетел азаматтарын білім беру гранты негізінде қабылдау Қыздар университетінде дербес жүзеге асырылады», – деп атап өтті Жандар Асан.

Қыздар университетіне түсу үшін қандай құжаттар керек?

  • Басқарма Төрағасы – ректордың атына оқуға қабылдау туралы өтініш;
  • білімі туралы құжат (аттестат/диплом қосымшасымен) түпнұсқа;
  • жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет) – 2 дана;
  • 3х4 көлеміндегі 4 фотосурет (CD дискте электрондық нұсқамен);
  • ҰБТ сертификаты (күндізгі бөлім үшін);
  • мемлекеттік білім беру гранты туралы куәлік (күндізгі бөлім үшін);
  • ведомостан үзіндіні (арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін);
  • 075-У формалы медициналық анықтама (флюорография суретімен);
  • баланың денсаулығы туралы төлқұжат – 063 (күндізгі бөлім үшін);
  • жеңілдікке құқық беретін құжаттар түпнұсқа мен көшірме (мүгедектер, толық емес отбасы, ата-анасынан айырылған балалар, көп балалы отбасы) (күндізгі бөлім үшін);
  • оқу ақысы төленгені жөніндегі түбіртек көшірмесі (ақылы бөлімдер үшін);
  • конверт (А5);
  • іс-қағаздарды тігетін папка (скоросшиватель).

Қабылдау комиссиясының байланыс телефондары: +7 (727) 233-18-52, +7 (727) 237-00-73

Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here