«Ақ жол» демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Қазақстанда АЭС салынуын талқылады

0
1779

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кешегі Жолдауында жарияланған жалпыхалықтық референдумға шығарылып отырған мәселе бойынша партияның ресми ұстанымын әзірлеуге арналған «Ақ жол» демократиялық партиясының Ұлттық кеңесінің пленумы өтті.

Пленумда энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің инвестициялық жобалардың жүзеге асуын тежейтін, электроэнергия тапшылығының бар екендігі (8 ГВт), атом энергетикасын дамытудың болашағы, АЭС құрылысының нұсқалары және т.б. туралы баяндамасы тыңдалды.

Отандық бизнес пен өнеркәсіп өкілдерінің мүддесін қорғайтын «Ақ жол» демпартиясы үшін қазіргі таңда өңдеуші кәсіпорындарды энергиямен қамтамасыз ету мәселесі ең жақын әрі өзекті мәселенің бірі болып отыр.

А.Сатқалиев пен оның әріптестері – Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов «Қазақстан атом станциялары» ЖШС бас директоры Тимур Жантикин және басқалар Ұлттық кеңес мүшелерінің көптеген сұрағына жауап берді.

Мәжілістің вице-спикері Дания Еспаева, Мәжіліс депутаттары Қазыбек Иса, Ерлан Барлыбаев, Қарулы Күштер ардагерлері кеңесінің төрағасы Көпесбай Жампейісов, партия төрағасының орынбасары Серік Ерубаев, Ұлттық кеңес хатшысы Берік Дүйсембинов және басқа да бірқатар әріптестер өзекті сұрақтар қойды, соның ішінде ықтимал балама шешімдерге және АЭС құрылысына ықтимал мердігерді таңдауға байланысты.

Үш сағатқа созылған талқылаудың қорытындысы бойынша пленум атом энергетикасын дамыту мен АЭС салуды қолдап, саланы прогрессивті түрде дамыту қажеттігін және өркениетті әлемнен технологиялық тұрғыда артта қалуға жол бермеу керектігін атап өтті. Сонымен бірге, талқылау барысында және баяндамашыларға айтылған пікірлер де осы саладағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here