«Қайырымдылық керуені» аясында 30 отбасыға көмек көрсетілді

0
917

Ағымдағы жылдың 4 сәуірінде «БІЗ БІРГЕМІЗ» республикалық акциясы аясында Орал қаласындағы БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы еріктілер қозғалысы орталығының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық керуені» акциясының үшінші кезеңі өткізілді. «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, волонтерлік қозғалыстар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері тұрмысы төмен 30 отбасына көмек көрсетті.

– Бүгін біз аз қамтылған отбасыларға көмек көрсеттік, оларға бірінші кезекте қажетті азық-түлік пакеттері, антисептикалық құралдар, дәрі-дәрмектер және әр отбасына қажетті медициналық маскалар тараттық. Бұл игі бастамалар өз жалғасын табады, – деді БҚО халқы Ассамблеясы жанындағы Еріктілер қозғалысы орталығының жетекшісі Муталипов Ильяр.

– Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-шаралары осы көктемде қайырымдылықтан басталғаны өте қуанышты. Бұл 2015 жылдан бастап ҚХА қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Еліміз бойынша бес жылдан астам уақыт бойы «Қайырымдылық керуені» акциясы ұйымдастырылуда. Бүгінде біздің қоғамда мұқтаждарға көмектесуге дайын жүрегі жылы адамдар бар. Бұл акция азаматтарды іс-әрекетке, яғни сөзден іске тартуды көздегенімен жақсы, деді «Достық»Қазақ – Вайнах клубының өкілі Талғат Чудобаев.

– Біздің әрқайсымыз қиын жағдайға тап болуымыз мүмкін. Сондықтан, көмектесуге мүмкіндігіміз болып тұрса, неге мұны жасамасқа? Акцияға қатысқандардың барлығына, сондай – ақ кәсіпкерлер мен меценаттарға, атап айтқанда Алмат Есентаева, Арон Нұрхат Бейбітұлы, Тимур Қадырғалиевтерге және басқа да көптеген адамдарға олардың игі істері үшін алғыс айтқым келеді, – деді «Uralsk Runners» жүгіру әуесқойлар клубының өкілі, БҚО «Жаңғыру жолы» қозғалысы басшысының орынбасары Әсел Мырзахметова.

Салтанатты старттан кейін акцияға қатысушылар он бес автокөлікпен бірінші кезекте қажетті азық-түлік пакеттерін тапсыру үшін мекенжайларға аттанды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here