Чжун Наньшан: «70-80% халықты ектіргеннен кейін ғана ұжымдық иммунитет қалыптасады»

0
1716

Мемлекет COVID-19 жаңа коронавирустық инфекциясына қарсы егу науқанын алға тартуда. Бұл жаңа коронавирустық пневмонияның алдын-алудың ең тиімді амалы болып табылады.

Халықтың көпшілігін, яғни 70-80% халықты ектіргеннен кейін ғана ұжымдық иммундық тосқауылды құруға, жаңа коронавирустық инфекцияның таралу арналарын тиімді түрде үзуге болады.

Барлығы COVID-19 індетіне қарсы екпені мүмкіндігінше шұғыл түрде алып, иммунитетті арттырады деген үміттемін. Бұл жеке және қоғамдық қауіпсіздікте ғана емес, сондай-ақ вирустың жаңа штаммдарының пайда болуын азайтуда өте маңызды рөл атқарады.

Бізге берік иммундық тосқауылды бірлесіп құру қажет!

 

Анықтама үшін: Чжун Наньшань Қытай инженерлік ғылымдар академиясының академигі, тыныс алу органдарының аурулары бойынша танымал сарапшы, респираторлық вирустық аурулармен күрестегі басты тұлға. Сонымен қатар, ол Гуанчжоу респираторлық ауруларды зерттеу институтын басқарады, Гуанчжоудағы респираторлық ауруларды зерттеу жөніндегі жетекші мемлекеттік зертхананың меңгерушісі және Қытай медициналық қоғамының төрағасы. Чжун Наньшанды «SARS» індеті кезеңіндегі қызметі үшін «SARS қаһарманы» деп те атайды. 2020 жылы қыркүйекте COVID-19-ға қарсы күресте қосқан үздік үлесі үшін Чжун Наньшань ҚХР-дың жоғары мемлекеттік марапаты – «Республика Орденімен» наградталды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here